06 қыркүйек 2014 | 12:59

Роналдиньо мексикалық футбол клубымен келісімшартқа қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роналдиньо. Фото footblogger.ru сайтынан алынды Роналдиньо. Фото footblogger.ru сайтынан алынды

Бразилиялық жартылай қорғаушы Роналдиньо енді мексикалық клубта өнер көрсететін болады, - деп хабарлайды Vesti.kz  команданың ресми сайтына сілтеме жасап. Таратылған ақпаратқа сенсек, атақты бразилиялық футболшы Роналдиньо елдің жоғары дивизионында ойнайтын мексикалық "Керетаро" клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойған.

Иконка комментария блок соц сети

Айта кетейік, Роналдиньо мұның алдында бразилиялық "Атлетико Минейро" клубында болған. 2012 жылдан бастап 2014 жылдар аралығындағы кезеңде жартылай қорғаушы алаңға 48 рет шығып, 16 гол салды. Футболшы испандық "Барселонада" да өзін ерекше таныта білді. Оның құрамында бразилиялық Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды (2006). Сондай-ақ Еуропадағы "Пари Сен-Жермен" және "Милан" командаларында да ойнады.

"Халықаралық аренада өзін көрсете білген ойыншы қатарымызға келіп қосылғанына қуаныштымыз. Роналдиньо - әлем чемпионы, екі рет әлемнің үздік ойыншысы атанды. Оның білімі мен тәжірибесі келешекте біздің команданы нығайта түспек", - делінген клуб хабарламасында.

Еске сала кетейік, 2004 және 2005 жылдары Роналдиньо Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы атанды. Ол 2002 жылы әлем чемпионы болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети