Румынияның шығысында 7 шілде күні авиашоу болып, МиГ-21 Lancer ұшағы апатқа ұшырады, ұшқыш қаза тапты. Бұл жөнінде Reuters Румынияның Қорғаныс Министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Румынияның шығысында 7 шілде күні авиашоу болып, МиГ-21 Lancer ұшағы апатқа ұшырады, ұшқыш қаза тапты. Бұл жөнінде Reuters Румынияның Қорғаныс Министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, ұшақ жерге құлап, жарылып кеткен. Бухаресттен шығысқа қарай 240 шақырым жерде болған авиашоуды тамашалауға шамамен төрт мың адам барыпты.
© twitter.com/TheAviationist
Сонымен қатар, куәгерлердің айтуынша, ұшқыш адамдар мерт болмау үшін ұшақты жазық жерге қарай бұрған.
Министрліктегілердің сөзіне қарағанда, апаттың себептері анықталып жатыр. Қайтыс болған ұшқыш, лейтенант Флорин Ротару 36 жаста болған.