Саакашвили аштықты тоқтатты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саакашвили аштықты тоқтатты Фото: © REUTERS / Special Penitentiary Service of Georgia

Грузияның түрмедегі экс-президенті Михаил Саакашвили 50 күндік аштық акциясын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияның түрмедегі экс-президенті Михаил Саакашвили 50 күндік аштық акциясын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Медициналық кеңес мүшесі Нино Шарашенидзе Саакашвилидің тамақты схема бойынша алып жатқанын, денсаулығының тұрақты екенін айтты.

"Науқасқа барлық тиісті емдеу шаралары жүргізіледі. Тиісті емдеу тактикасын әзірледік. Бұл процеске тек кеңес мүшелері ғана емес, республикалық аурухана дәрігерлері мен гастроэнтерологтар да қатысты. Науқас схема бойынша тамақ ішіп жатыр. Денсаулығы тұрақты", - деді дәрігер журналистерге.

Саакашвили бас ауруына шағымданған, дәрігерлер оны мұқият бақылап отыр.

Бұған дейін саясаткердің қан құсып, әлсіздігінен түрмеде төсегінен тұра алмай жатқаны хабарланған болатын. Бір айдан астам аштық жариялаған бұрынғы президент түрмеде есінен танып қалды деген де ақпарат тараған.

Еске салайық, Саакашвили 1 қазаннан бастап аштық жариялады. Содан кейін саясаткер азаматтық ауруханаға ауыстырса, аштық жариялауды тоқтатуға дайын екенін айтқан еді.

Саакашвили Грузияда 1 қазанда ұсталды. Бұған дейін Грузияда оны банкир Сандро Гиргвлианиді өлтірді, депутат Валерий Гелашвилиді ұрды деген айыптаулармен сырттай соттады. Бірінші оқиғада Саакашвили үш жылға, екінші жағдайда алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол 2007 жылғы 7 қарашадағы оппозициялық митингті тарату, "Имеди" телекомпаниясының бағдарламасы және мемлекеттік бюджеттен қаражат жұмсау туралы істермен айналысты деген күдікке ілінді, бұл істерді сот әлі де қарастырып жатыр.

Грузия билігі Саакашвилиді босатудан бас тартты. Премьер-министр Ираклий Гарибашвили экс-президент ұзақ уақыт түрмеде отыратынын, мерзімін өтейтінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети