Саакашвили ауруханадан түрмеге оралатынын білгенде есінен танып қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саакашвили ауруханадан түрмеге оралатынын білгенде есінен танып қалды Фото: РИА Новости

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили қара киінген адамдар оны әскери ауруханадан алып кетуге келгенін, қарсылық білдіру кезінде өзі есінен танып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили қара киінген адамдар оны әскери ауруханадан алып кетуге келгенін, қарсылық білдіру кезінде өзі есінен танып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бүгін сағат шамамен алты жарымда маған қара түсті киінген адамдар келді. Олар мені ауыстыратынын айтты, бірақ қайда екенін айтпады. Мен қысымды өлшеуді талап еттім, қысымым 180 болатын, ал екінші рет өлшегенде 200/110 болды, ал менде норма - 120/180. Менің ойымша, бұл гипертониялық дағдарыс. Ол ешқашан импульс пен қысым тұрғысынан мұндай күйде болған емес. Осыдан кейін олар мені күшпен шығаруға тырысты, мен қарсылық білдірдім, содан кейін есімнен танып қалдым. Жағдай толық есімде жоқ", - деді Саакашвили деп адвокаты Ник Гварамия журналистерге хатты оқып берді.

Саакашвили Грузияда 1 қазанда ұсталған болатын. Бұған дейін Грузияда ол банкир Сандро Гиргвлианиді өлтірді және депутат Валерий Гелашвилиді ұрып-соқты деп айыпталып, сырттай сотталған болатын. Бірінші жағдайда Саакашвили үш жылға, екінші жағдайда алты жылға бас бостандығынан айырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети