Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили жақтастарын сайлауға дайындалуға шақырып, елге оралуға ынталы екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили жақтастарын сайлауға дайындалуға шақырып, елге оралуға ынталы екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Амстердамда жүрген Михаил Саакашвили Грузияның "Рустави 2" арнасынан видеоүндеу жасады.
Ол жақтастарын биыл күзге белгіленген президент сайлауына дайындалуға шақырды. Мұның алдында елдің премьер-министрі, миллиардер Бидзина Иванишвили үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған Саакашвили Грузияға оралса, оған "түрмеде ыңғайлы орын дайындалғанын" мәлімдеген еді.
Саакашвили жақтастарын "Біртұтас ұлттық қозғалыс" партиясына топтасып, өзге де оппозициялық партиялармен бірігуге және президент сайлауына ортақ үміткер таңдауға шақырды.
Михаил Саакашвили "Біртұтас ұлттық қозғалыс" партиясының негізін қалаған болатын. Бұл партия елде 2012 жылғы парламент сайлауына дейін тоғыз жыл билікте болған.
Саакашвили Грузиядан 2013 жылдың қарашасында Георгия Маргвелашвили президент болғаннан кейін кеткен болатын. Ел билігі Украинадан бұрынғы президентті бірнеше рет экстрадициялауды сұраған.
Грузиядан кеткеннен кейін Михаил Саакашвили Одесса облысының губернаторы болды. Осыдан кейін Украина президенті Петр Порошенко оны жұмысынан босатқан еді. Ал 2018 жылдың ақпанында украиналық шекара қызметі оны Польша аумағына шығарып жіберген. Осыдан кейін ол Нидерландқа өтіп, Еуроодақта өмір сүру мен қызмет етуге рұқсат алды.