16 қараша 2021 | 09:11

Саакашвили қан құсып жатыр - Украина омбудсмені

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Жоғарғы Рада адам құқықтары жөніндегі уәкілі Людмила Денисова грузин дәрігерлерінен Михаил Саакашвилидің денсаулығының нашарлағаны туралы ақпарат алғанын айтты. Бұл туралы украиналық "24 арна" мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жоғарғы Рада адам құқықтары жөніндегі уәкілі Людмила Денисова грузин дәрігерлерінен Михаил Саакашвилидің денсаулығының нашарлағаны туралы ақпарат алғанын айтты. Бұл туралы украиналық "24 арна" мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Омбудсмен желіде дәрігерлер кеңесінің мүшесі Нино Шарашенидзе саясаткердің қан құсуына байланысты Грузия билігіне жүгінгенін жазды.

"Шарашенидзе  Саакашвилиді қан құсу басталғанына байланысты гастроэнтеролог медициналық тексеруден өткізуі керек екені туралы хабарлады", - деді Денисова.

Оның айтуынша, екі күннен бері кеңестің тиісті шараларды жүзеге асыруға мүмкіндігі болмай отыр.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 16 қарашада Украина азаматы Михаил Саакашвилидің құқықтарының сақталуын жеке өзі тексеріп, оған №18 пенитенциарлық мекеменің ауруханасына баруға үміттенетінін айтты.

Ол 15 қарашада кешке Грузия Әділет министрлігінен баруға рұқсат, бас тартуға байланысты ақпарат алмағанын айтты.

Еске салайық, Саакашвили 1 қазаннан бастап аштық жариялады. Содан кейін саясаткер азаматтық ауруханаға ауыстырса, аштық жариялауды тоқтатуға дайын екенін айтқан еді.

Саакашвили Грузияда 1 қазанда ұсталды. Бұған дейін Грузияда оны банкир Сандро Гиргвлианиді өлтірді, депутат Валерий Гелашвилиді ұрды деген айыптаулармен сырттай соттады. Бірінші оқиғада Саакашвили үш жылға, екінші жағдайда алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол 2007 жылғы 7 қарашадағы оппозициялық митингті тарату, "Имеди" телекомпаниясының бағдарламасы және мемлекеттік бюджеттен қаражат жұмсау туралы істермен айналысты деген күдікке ілінді, бұл істерді сот әлі де қарастырып жатыр.

Грузия билігі Саакашвилиді босатудан бас тартты. Премьер-министр Ираклий Гарибашвили экс-президент ұзақ уақыт түрмеде отыратынын, мерзімін өтейтінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети