Саакашвили Украинадағы жағдай туралы ойын айтты

Саакашвили Украинадағы жағдай туралы ойын айтты © facebook/SaakashviliMikheil

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили аштық режимін тоқтатқанын айтып, Украинадағы жағдай туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Грузия-Онлайн". 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили аштық режимін тоқтатқанын айтып, Украинадағы жағдай туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Грузия-Онлайн". 

Саясаткердің айтуынша, аштық жариялауды тоқтату туралы шешімді Украинада 2014 жылдан бері соғысқан грузиндердің және Украина Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының өтініші бойынша қабылдаған.

"Жағдай тура мен бірнеше жыл бұрын айтқандай болып жатыр. Батыр украиналықтар мен Владимир Зеленский дәуірлік соғыста жеңіске жетіп жатыр. 

Әлем көз алдымызда өзгеріп жатыр. Киев - Грузия үшін жаңа Константинополь, енді еркін елдің астанасы және солай қалатыны сөзсіз. Бұл жағдайда бірлік пен дайындық ауадай қажет.  

(...) Мен аштық режимімді тоқтатамын. Қазір саналы ой, денсаулық пен толық мобилизация және әлсіз емес, мықты болу қажет. Жеңісті асқан дайындықпен қарсы алуымыз керек", - деп жазды Саакашвили Facebook-парақшасында. 

Еске салайық, Саакашвили 21 ақпанда грузиялық билікке жауап ретінде аштық жариялаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети