14 қараша 2021 | 15:18

Саакашвилидің жеке дәрігері экс-президенттің денсаулығы туралы айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Аштық жариялаған Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің жеке дәрігері Николоз Кипшидзе оның жағдайы нашарлағанын, төсектен тұра алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Аштық жариялаған Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің жеке дәрігері Николоз Кипшидзе оның жағдайы нашарлағанын, төсектен тұра алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін - ол төсектен тұра алмаған бірінші күн, өте әлсіз, тек жатыр. Оған камераға өзім бардым, өйткені жиналыс бөлмесіне түсе алмады. Сөйлегенде аздап қиналады", - деді дәрігер.

Кипшидзе Грузиядағы адвокаттар мен оппозиционерлер сияқты оны шұғыл түрде азаматтық клиникаға жатқызу қажет деп санайды. Грузияның оппозициялық телекомпаниялары экс-президент жатқан түрмеге жедел жәрдем келгенін хабарлады. Арнайы пенитенциарлық қызмет бұл ақпаратты жоққа шығарып, Саакашвилидің денсаулығы қалыпты әрі медициналық қызметкерлердің үнемі бақылауында екенін атап өтті. Ведомствоның мәліметінше, саясаткер реанимация бөлімінің жанындағы палатада, денсаулығы нашарлаған жағдайда оған жедел көмек көрсетіледі.

Еске салайық, Саакашвили 1 қазаннан бастап аштық жариялады. Содан кейін саясаткер азаматтық ауруханаға ауыстырса, аштық жариялауды тоқтатуға дайын екенін айтқан еді.

Саакашвили Грузияда 1 қазанда ұсталды. Бұған дейін Грузияда оны банкир Сандро Гиргвлианиді өлтірді, депутат Валерий Гелашвилиді ұрды деген айыптаулармен сырттай соттады. Бірінші оқиғада Саакашвили үш жылға, екінші жағдайда алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол 2007 жылғы 7 қарашадағы оппозициялық митингті тарату, "Имеди" телекомпаниясының бағдарламасы және мемлекеттік бюджеттен қаражат жұмсау туралы істермен айналысты деген күдікке ілінді, бұл істерді сот әлі де қарастырып жатыр.

Грузия билігі Саакашвилиді босатудан бас тартты. Премьер-министр Ираклий Гарибашвили экс-президент ұзақ уақыт түрмеде отыратынын, мерзімін өтейтінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети