Саакашвилидің ұсталған сәтіндегі видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саакашвилидің ұсталған сәтіндегі видео пайда болды Видеодан алынған кадр

Грузияның бұрынғы президенті және Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвилидің Facebook желісіндегі парақшасында саясаткерді күш құрылымдарының қалай ұстағаны туралы видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияның бұрынғы президенті және Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвилидің Facebook желісіндегі парақшасында саясаткерді күш құрылымдарының қалай ұстағаны туралы видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеодан бетперде киген адамдардың мейрамханаға кіріп келіп, бірнеше келушіні жерге жатқызғанын көруге болады. Ары қарай бір топ адам Саакашвилиді шашынан ұстап, есікке жетелейді. 

"Бетінен ұрған, ұшаққа дейін жол бойы аузы мен көзін жауып, атып тастаймыз деп қорқытқан. Ал микроавтобус пен тікұшақта еденге басып ұстаған", - делінген видеоға жазылған түсіндірмеде. 

РИА Новости мәліметі бойынша, дүйсенбіде Саакашвилиді Украинаның мемлекеттік шекара қызметі Польшаға асырып жіберген. Ол Украинаға күзде осы мемлекет арқылы кірген болатын. 

Польшаның шекара қызметі де оның Варшаваға келгенін растады. Ал Саакашвилидің жақтастары Украина президенті әкімшілігінің алдында шеру өткізді. Шеруге шыққандар мен полиция арасында қақтығыстар болып, бір адам ұсталған болатын. Мұның алдында Михаил Саакашвилидің Киевте ұсталғаны хабарланған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети