13 сәуір 2018 16:46

Самарқанд ақсүйегінің шапаны Лондонда 700 мың долларға бағаланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sotheby’s © Sotheby’s

25 сәуірде Лонданда өтетін аукционда 1000 жыл бұрын өмір сүрген Самарқанд ақсүйегінің шапаны саудаға қойылады, - деп хабарлайды New York Times.


25 сәуірде Лонданда өтетін аукционда 1000 жыл бұрын өмір сүрген Самарқанд ақсүйегінің шапаны саудаға қойылады, - деп хабарлайды New York Times.

Жібектен тігілген шапанда тұмсығына маржан ілген үйректер бейнеленген. Sotheby’s аукцион үйі бұл шапан үшін бастапқы баға ретінде 700 мың доллар белгілеп отыр. 

Шапандағы сурет оның Соғды империясының патша сарайының лауазымды тұлғасы немесе ақсүйегіне тиесілі болғанын білдіреді екен. Жібек жолының бойында орналасқан бұл мемлекет қазіргі Тәжікстан мен Өзбекстан аумағында 1000 жылдай әмірлік құрған. Бұл әмірлік Х ғасырда мемлекет ретінде жойылып, Мәуренахр атала бастады. 

"Осыншалықты жақсы сақталған мұндай көне заттар - өте сирек қазына", - дейді Sotheby’s үйінің Орталық Шығыс бөлімшесінің басшысы Бенедикт Картер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети