02 ақпан 2014 | 11:20

Самогоншылар жайлы хат үшін ақы алынбайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Lenta.ru ©Lenta.ru

Беларусь поштасы милицияға самогон сатушылар жөнінде анонимді ақпарат берушілердің хатын тегін жеткізіп беретін болды, бұл туралы Tengrinews.kz Lenta.ru мен "Интерфакс"-қа сілтеме жасап хабарлайды. Спиртті ішімдікті қолдан жасап сатушыларды анықтау ісіне пошташыларды пайдалану туралы бастама милиция қызметкерлеріне тиесілі. Ішкі істер министрлігінің мамандары азаматтарға заңсыз саудагер жайлы ақпаратты кез келген қағазға жазып, поштамен жөнелтуді ұсынған. Мұндай хаттарды жеткізу үшін ақы алынбайды. Тіпті, ондай хат-хабарламаларға маркалар мен конвертті қолдану да міндетті емес. Милиция өкілдерінің айтуынша, белорустар осы кезге дейін де самогон сатушылар жайлы ақпаратты анонимді түрде беріп жүр. Осындай хабарламалардың көмегімен өткен жылы бір ғана Минск облысында спиртті ішімдіктердің астыртын өндірісімен айналысқан 2 мың адамның ісі әшкереленді. Айта кетейік, Беларусьтің тәртіп сақшылары самогоншылармен күресте неше түрлі амал қолданып келеді. Былтыр күзде орманға жасырынып ішімдік өндіретіндерді анықтау үшін милиция қызметкерлері "Бусел - М" пилотсыз ұшатын аппаратын пайдаланған еді. Ұшатын бақылағыштың арқасында Минскінің батысындағы ормандардан бес заңсыз жабдық табылды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети