Samsung басшысы 5 жылға сотталды

© Chung Sung-Jun/Pool Photo via AP

Samsung компаниясыны? вице-президенті Ли Чжэ Ён бес жыл?а сотталды, - деп хабарлайды Reuters басылымы. Компания басшысы пара берді ж?не ?азына м?лкін ?рлады айыпталып отыр.

Samsung компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Ён бес жылға сотталды, - деп хабарлайды Reuters басылымы. Компания басшысы пара берді және қазына мүлкін ұрлады айыпталып отыр.

Сот үкіміне сәйкес, Ли Чжэ Ён Оңтүстік Кореяның экс-президенті құрбысы Чой Сун Сильге 6,38 миллион доллар пара берген деп танылды. Прокуратура өкілдері компания басшысын 12 жылға қамауға алуды сұраған.

Айта кетейік, 2016 жылы оңтүстіккореялық БАҚ-тар Оңтүстік Кореяның экс-президентінің құрбысы Чой Сун Сильдің ірі компанияларды өзінің қорына ақша аударуға мәжбүрлейтінін айтқан еді.

Реклама
Реклама

Кейінірек жемқорлық дауына байланысты 2016 жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланған болатын. Сол кезде Ұлттық жиынның 234 депутаты қолдап дауыс берді, 56-сы қарсы болған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама