Жемқорлық дауына байланысты Samsung компаниясының бірнеше басшысы отставкаға кетті

28 Ақпан 2017, 14:55
0
Жемқорлық дауына байланысты Samsung компаниясының бірнеше басшысы отставкаға кетті - Сеульдегі Samsung компаниясының кеңсесі. © REUTERS
Сеульдегі Samsung компаниясының кеңсесі. © REUTERS

Оңтүстіккореялық Samsung корпорациясының бірнеше басшысы отставкаға кетті. Себебі прокуратура өкілдері оларға жемқорлық дауына байланысты айып таққан, - деп хабарлайды РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, корпорацияның вице-төрағасы Цой Чжи Сон, президент Чан Чхун Ги мен осы компания бөлімшесінің бірнеше қызметкері отставкаға кеткен.

Сондай-ақ, сол күні Оңтүстік Кореяның прокуратурасы Samsung Electronics төрағасының орынбасарын, осы компанияның директоры Пак Сан Джинды, жоспарлау бөлімінің басшысы Цой Чжи Сонды, оның орынбасары Чан Чхун Ги мен Samsung Electronics атқарушы директорын пара алу мен ақша жымқыру деректері бойынша айыптаған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Оңтүстік Кореяның мәдениет министрінің қамауға алынып, жемқорлық дауына байланысты отставкаға кетуге өтініш бергені хабарланған болатын. Cондай-ақ, 2016 жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланған еді. Сол кезде Ұлттық жиынның 234 депутаты қолдап дауыс берді, 56-сы қарсы болған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай