21 қаңтар 2017 12:59

Оңтүстік Кореяның мәдениет министрі қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяның мәдениет министрі қамауға алынып, жемқорлық дауына байланысты отставкаға кетуге өтініш берді , - деп хабарлайды РИА Новости. Чо Юн Сун тергеушілердің арнайы комиссиясы өткізген сұраудан кейін қамауға алынған.


Оңтүстік Кореяның мәдениет министрі қамауға алынып, жемқорлық дауына байланысты отставкаға кетуге өтініш берді , - деп хабарлайды РИА Новости. Чо Юн Сун тергеушілердің арнайы комиссиясы өткізген сұраудан кейін қамауға алынған.

Чо Юн Сункеге президент Пак Кын Хенің билігіне қарсы өнер қайраткерлерінің "қара тізімін" жасады деген күдік келген. 

Сонымен қатар, сот президент әкімшілігінің бұрынғы басшысын қамауға алу туралы шешім шығарды. Айта кетейік, Чо Юн Сун - қызметтік міндеттерін атқарып жатқан кезде ұсталған алғашқы министр.

Өткен жылдың күзінен бастап Оңтүстік Кореяда Цой Сун Сильдің - президенттің құрбысына қатысты жемқорлық дауы туындаған еді. Құқық қорғау органдарындағылар оны ешқандай мемлекеттік қызметте болмауына қарамастан, президенттің саяси шешімдерді қабылдауына әсер етті деген күдік келтірген.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 9 желтоқсанында Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланған болатын. Қазір мемлекет басшысы қызметін премьер-министр Хван Ге Ан атқарып жатыр. Қазіргі уақытта конституциялық сот президентке жарияланған импичменттің құзыреттілігіне қатысты мәселелерді шешіп жатыр. Егер де осы шешім қабылданатын болса, елде екі ай аралығында сайлау өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети