Ресейлік арнайы қызметтер Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастыруға тапсырыс берген адам анықтады. Бұл туралы бейсенбіде, 20 сәуірде ФҚҚ директоры Александр Бортников мәлімдеді, - деп хабарлайды "Дождь" телеарнасы.
Ресейлік арнайы қызметтер Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастыруға тапсырыс берген адам анықтады. Бұл туралы бейсенбіде, 20 сәуірде ФҚҚ директоры Александр Бортников мәлімдеді, - деп хабарлайды "Дождь" телеарнасы.
"Анықталды деуге болады", - деді Бортников. Ол Федералдық қауіпсіздік қызметі толығырақ тағы да хабарлайтынын жеткізді.
2017 жылы 17 сәуірде Мәскеу маңындағы Одинцов ауданында Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі ұстаған Аброр Азимов Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастырғанын мойындады.
Ресейдің Владимир облысында халықаралық лаңкестік ұйымдарға адам тартушылармен байланысы бар Орта Азияның екі тумасының көзі жойылды, - делінген РФ-ның Федералды қауіпсіздік қызметінің хабарламасында.
Хабарламада 1991 және 1987 жылы туған Ортазаиялық аймақтың екі тумасы қарулы қарсылық білдіргені айтылады. Олар жарылғыш заттарды даярлауға қызығып, Ресей аумағында лаңкестік жасауға дайын екендерін білдеріген.
Оқиға орнында жарылғыш зат жасауға керекті құрамлдар, АК-74 және Макаров тапаншасы табылған. Күш құрылымы өкілдерінен ешкім зардап шекпеген.
Құқық қорғау органдарындағы "Газеты.Ru" басылымының мәлімет көзі екеуі де Тәжікстан азаматтары болғанын нақтылаған. Сонымен қатар, олардың Санкт-Петербург метросында жарылыс жасаған лаңкеске қатысы жоқ екені анықталды. Дегенмен бұл лаңкестердің ізіне түсу метродағы жарылыс фигуранттарының таныстарын тексеру кезінде мүмкін болған.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербург метросының екі бекетінде жарылыс болған еді - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.