Мәскеу маңындағы Одинцов ауданында Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастырушылардың бірін ұстаған. Ол Орталық Азияның тумасы, 26 жастағы Аброр Азимов, - деп хабарлайды RT.

ФҚҚ мәліметінше, ұсталған Азимов терактіні ұйымдастырушы Қырғызстан тумасы Акбаржон Джалиловты дайындаған. Жедел түсірілімнен Азимовтың теміржол бойында ұсталғаны көрінеді.
"Не үшін ұсталғаныңызды сезіп тұрсыз ба?", - деп сұрақ қойды қызметкерлердің бірі. "Иә", - деді Азимов. Болжамды лаңкестің ұсталған сәтінде оның қалтасынан қарулы тапанша оғымен, ұялы телефон, оның қорапшасы және қуаттау құрылғысы табылды.
Ұсталған адам Ресейдің Тергеу комитетіне жеткізілді.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербург метросының екі бекетінде жарылыс болған еді - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.