ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2017 | 10:47
Санкт-Петербургтегі жарылыстан кейін ауруханаға жеткізілгендердің тізімі пайда болды
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі Бас басқармасының сайтында Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан зардап шеккендерге қатысты мәліметтер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі Бас басқармасының сайтында Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан зардап шеккендерге қатысты мәліметтер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метрода болған төтенше жағдайдан зардап шеккен және қаладағы емдеу мекемелерінде жатқан адамдар мына ауруханаға жеткізілді: Марии ауруханасы, И.И.Джанелидзе атындағы Ғылыми-зерттеу институты, С.М. Киров атындағы Бүкіләлемдік медициналық ассоциация, қалалық № 26 аурухана, Л.Г. Соколов атындағы №122 клиникалық аурухана, Елизаветинск ауруханасы, К.А. Раухфус атындағы қалалық балалар ауруханасы. Зардап шеккендер жайлы мәлімет 4 сәуірде Мәскеу уақыты бойынша сағат 06.00-де жарияланды. Сайт мәлімет келген сайын жаңартылып тұрады.
Айта кетейік, қазіргі уақытта жарақат алғандар мен қала ауруханаларында жатқандарың саны - 51.
"Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі Санкт-Петербург метросында болған жарылысқа байланысты мәлімет пен психологиялық көмек алуға болатын телефон желілерінің жұмысын жалғастырып жатыр. Олармен мына нөмірлер арқылы байланысуға болады: 8-800-775-17-17, 8-800-100-20-01 және 8 (812) 718-25-16", - делінген РФ ТЖМ Санкт-Петербург бойынша Бас басқармасының сайтында.
Зардап шеккендердің тізімін мына жерден көре аласыздар:
Осыған дейін ресейлік БАҚ-тар Қазақстанның азаматының метрода болған жарылысқа қатысы бар деп мәлімдеген болатын.
Cондай-ақ, ҚР СІМ Санкт-Петербургте жарылысты қазақстандық ұйымдастыруы мүмкін деген жағдайға қатысты түсінік берген болатын. "Түсіндіріп өткім келеді. 3 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 21.06-да Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулына Алматыдан Ирина Арышевадан қоңырау келіп түсті. Ол онда жарылыс туралы мәліметтерден кейін оның 20 жастағы ұлы, Санкт-Петербургтегі Экономикалық университеттің 3-курс студенті Максим Арышевтың байланысқа шықпай жатқанын айтты", - деген еді СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.
"Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Мен арнайы қызмет өкілдерінің басшыларымен сөйлестім. Федералды қауіпсіздік қызметінің директорымен сөйлестім. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері оқиғаның егжей-тегжейлі зерттеп, дәл бағасын береді. Қала билігі, егер қажет болып жатса федералдық билік қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек көрсетеді", - деген еді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу барысында.
Показать комментарии
Читайте также