04 сәуір 2017 09:37

ҚР СІМ Санкт-Петербургте жарылысты қазақстандық ұйымдастыруы мүмкін деген жағдайға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

ҚР Сыртқы істер министрлігі Санкт-Петербургте болған жарылыста зардап шекті делінген қазақстандықтың жағдайына түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Сыртқы істер министрлігі Санкт-Петербургте болған жарылыста зардап шекті делінген қазақстандықтың жағдайына түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін ресейлік БАҚ-тар теракт ұйымдастырған Қырғызстанның 22 жастағы Акбаржон Джалилов екенін хабарлаған еді. Соған қарамастан РИА Новости лаңкестің Орталық Азиядан шыққаны туралы айтуға негіз жоқ екенін жазады. Әзірге күдіктінің жарылысты ұйымдастырғаны немесе жарылыстың эпицентрінде кездейсоқ болғаны белгісіз. 

"Түсіндіріп өткім келеді. 3 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 21.06-да Санкт-Петербургтегі Қазақстанның Бас консулына Алматыдан Ирина Арышевадан қоңырау келіп түсті. Ол онда жарылыс туралы мәліметтерден кейін оның 20 жастағы ұлы, Санкт-Петербургтегі Экономикалық университеттің 3-курс студенті Максим Арышевтың байланысқа шықпай жатқанын айтты", - деді Әнуар Жайнақов.

Студенттің қызымен, әпкесімен және жездесімен тұратыны белгілі болды. Туыстарының айтуынша, Арышев соңғы рет 3 сәуірде сағат 14.30-да байланысқа шыққан. Ол сол кезде сабақтан шығып, "Сенная площадь" станциясынан түскі ас ішуге бара жатқанын айтқан. 

"Қазіргі уақытта Санкт-Петербургтегі ҚР Бас консулы жарылыстан қаза тапқандарды танып жатқан ауруханада жүр. Астана уақыты бойынша сағат 5.30-да денелердің ішінде Қазақстан азаматының денесі жоқ. Максим Арышевтың Санкт-Петербургтегі терактіге қатысы болуы мүмкін деп айту әлі ерте. Оны іздестіру жұмыстары жалғастырылып жатыр", - деді Жайнақов.

Сонымен қатар, Әнуар Жайнақов Ресей БАҚ-тары жариялап жатқан суреттерде бейнеленген адамның Максим Арышев емес екенін айтып өтті.

Айта кетейік, бейнебақылау камералары қара түсті киімдегі ер адамның суреттерін жариялаған, оның жарылысты ұйымдастыруға қатысы бар болуы мүмкін делінген. Алайда ол өзі полицияға келіп, жарылысқа еш қатысы жоғын айтқан. 

"Санкт-Петербург метросында жарылыс салдарынан зардап шеккен және қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақ екенімді жеткізгім келеді. Жиіркенішті зорлық-зомбылық актісі", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.  

Алдын ала мәліметтер бойынша, Санкт-Петербургте метрода болған жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 43-ке жетті. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.  

"Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Мен арнайы қызмет өкілдерінің басшыларымен сөйлестім. Федералды қауіпсіздік қызметінің директорымен сөйлестім. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері оқиғаның егжей-тегжейлі зерттеп, дәл бағасын береді. Қала билігі, егер қажет болып жатса федералдық билік қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек көрсетеді", - деді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу барысында Санкт-Петербург метросында болған жарылыс туралы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети