03 сәуір 2017 18:59

Санкт-Петербургте метрода болған жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза тапты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ntv.ru © ntv.ru

Алдын ала мәліметтер бойынша, Санкт-Петербургте метрода болған жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза тапты, 20-сы зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап. 


Алдын ала мәліметтер бойынша, Санкт-Петербургте метрода болған жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза тапты, 20-сы зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап. 

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған. 

"Алдын ала мәлімет - он адам қаза тапты, нақты саны тексеріліп жатыр", - деді агенттіктің сұхбаттасушысы.   

"НТВ" телеарнасының мәліметінше, Санкт-Петербург метросында жарылыс болып, қаза тапқандар бар. 

"РИА Новости" төтенше жағдайлар мининстрлігіне сілтеме жасап, Санкт-Петербург қаласының метросында "Сенная площадь" бекетінде түтін шыққан. Құтқарушылар жағдайды бақылауда. Сонымен қатар қазіргі уақытта үш бекет жабылған -  "Садовая", "Площадь восстания" және "Технологиялық университет", - деп хабарлайды басылым жеке дереккөзіне сілтеме жасап. 

"Петербургте метрода "Сенная" бекетіне кіру және шығу жолдары жабылған. Бұл жолы жалған дабыл емес, шын мәнінде төтенше жағдай болды. Куәгерлердің айтуынша, метро бекетінде қатты түтін шыққан. Бірнеше адам жарылыс болғанын айтады", - деп шығарды Piter.tv.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети