"Санта-Клаус" Барак Обама науқас балаларға сыйлық жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Санта-Клаус" Барак Обама науқас балаларға сыйлық жасады видеодан үзінді

АҚШ бұрынғы президенті Барак Обама балалар ауруханасына Санта-Клаус бас киімімен келіп, кішкентай науқастарды жаңажылдық мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ бұрынғы президенті Барак Обама балалар ауруханасына Санта-Клаус бас киімімен келіп, кішкентай науқастарды жаңажылдық мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама Instagram желісіндегі парақшасында Вашингтондағы балалар ауруханасында болған сәтінде түсірілген видеоны жариялады. Ол балаларға сыйлықтар беріп, аурухана жұмысшыларымен бірге танымал We Wish You a Merry Christmas әнін орындады. Барак Обама ауруханаға ойыншық толы қаппен келді. 

"Жақсылық жасап, көңіл көтеру үшін мерекелік маусымнан артық уақыт жоқ. Мен мұны кеше Вашингтондағы ұлттық балалар ауруханасында жасауым керек еді. Әлемді жақсарту үшін осы Жаңа жыл қарсаңында барлық үлесімізді қосайық", - деді Обама. 

Америка президентінің ауруханада жүруі балалар мен ата-аналарға күтпеген жағдай болды, кейбіреулері қуаныштан көз жасын жіберді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети