02 қараша 2015 | 10:55

Сарапшылар ресейлік Airbus ұшағының апатқа ұшырауының үш нұсқасын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© RT телеарнасы © RT телеарнасы

Airbus- А321 лайнері апатқа ұшыраған орынға барған мамандар оқиғаның болу себебінің негізгі нұсқаларын айтты, - деп хабарлайды "Коммерсантъ".


Иконка комментария блок соц сети

Airbus- А321 лайнері апатқа ұшыраған орынға барған мамандар оқиғаның болу себебінің негізгі нұсқаларын айтты, - деп хабарлайды "Коммерсантъ".

Бұған дейін Airbus-А321 лайнері апатқа ұшыраған орынға барған мамандар ұшақтың әуеде бөлініп кеткенін айтқан болатын. Олар мұны ұшақ бөлшектерінің үлкен аумаққа құлағанынан білуге болатынын мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, әуе апаты салондағы жарылғыштың ашылуынан - лайнер корпусы үлкен жылдамдықпен келе жатып, үлкен қысымның садарынан жарылған. Сонымен қатар, лайнер жүксалғышындағы кішігірім жарылғыш заттың соққы толқынынан қозғалтқыштарға зақым келген болуы мүмкін.

Әуе апатының нақты ссебебін анықтау үшін мамандар Airbus-тың барлық бөлшегін жинап, оларды мұқият қарап шығу керек. Сонымен қатар, жүксалғыш бөлімінде жарылыстың болу нұсқасы да қарастырылып отыр. Дегенмен мамандар жарылғыш заттың ұшақты қиратпай, қысым салдарынан құлауға әкелетінін айтты.

Фюзеляждың қирауына ұшаққа түскен сызат себепкер болуы мүмкін. 2001 жылы ұшақтың Каирге қонар сәтінде артқы жағымен соққы алғаны белгілі болды. Бұл конструкция геометриясының бұзылуына әкелген. Сол кезде барлық кемшіліктер түзетілген. Дегенмен жөндеу кезінде қателік кеткен болуы мүмкін.

Сарапшылардың тағы бір нұсқасы бойынша, жарылу салдарынан бөлініп кетуге қозғалтқыштағы ақау себеп болуы мүмкін. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан ұшақтың бөлшегі қанаты мен лайнер фюзеляжын жұлып кетеді.

Басылымның мәліметінше, мамандарға апаттың нақты себебін анықтау оңайға түспейді. Апатқа дейін ұшақтың барлық жүйесі жұмыс істеген, сонымен қатар экипаж оны қабылдап алған. Ұшақтардың бөлшектерін жинағаннан кейін мамандар оларды мұқият қарап, апатқа нақты ненің себеп болғанын айтады. 

Еске сала кетейік, әуе апаты 2015 жылдың 31 қазанында таңғы уақытта болды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен экипаждың 7 мүшесі болған. Болжам бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети