Сарапшылар ХВҚ-ның болжамымен келіспейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарапшылар ХВҚ-ның болжамымен келіспейді Халықаралық валюта қоры © REUTERS

2014 жылда әлемдік экономика қай деңгейде дамиды? Осыған қатысты Халықаралық валюта қоры өз болжамын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Аталған болжамға сәйкес, алдағы уақытта әлемдік экономиканың өсуі байқалады. Халықаралық валюта қорының мәлімдеуінше, ағымдағы жылы жаһан экономикасының өсу деңгейі 3,7 пайызға дейін көтеріледі. Былтыр ол көрсеткіш 3 пайыз болған. Ал келесі жылы әлем экономикасы 3,9 пайызға дейін өседі деген болжам бар. "Соның барлығы дамыған экономикасы бар мемлекеттердің арқасында іске аспақ", - делінген ХВҚ-ның ресми болжамында. Ұйымның хабарлауынша, дамыған елдердің ішкі сұранысы күшейген сайын дамушы мемлекеттердің экономикасы да өсетін болады. "Алайда бүгінде кейбір мемлекеттерде экономикалық өсімнің баяу қалыпқа түсуі байқалады. Ондайда құрылымдық реформаларды ары қарай жалғастыру ел саясатының негізгі бағыты болуы шарт", - дейді ұйым сарапшылары. Сондай-ақ Халықаралық валюта қоры Еуропа экономикасының 1 пайызға өсуін болжап отыр. Алайда Экономикалық зерттеулер институты (Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы құрылым - авт.) онымен келіспейді. Себебі еуроаймақтың экономикасы әлі күнге дейін дефляция, қаржы жүйесінің тұрақсыздығы, жұмыссыздық, ішкі сұраныстың төмен болуы және тағы басқа банк саласындағы қиыншылықтарға тап болуда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети