Сауд Арабиясына 12 мың сарбаз аттанады деген ақпарат жалған - Трамп

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясына 12 мың сарбаз аттанады деген ақпарат жалған - Трамп © REUTERS / Tom Brenner

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына 12 мың сарбаз аттандыру туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына 12 мың сарбаз аттандыру туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости

Осыған дейін Fox News телеарнасы Қорғаныс министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасап Пентагон Иранға қарсы тұру үшін Таяу Шығысқа қосымша жеті мың әскери борышын өтеушілерді жіберуі мүмкін екенін хабарлаған. Оның алдында Wall Street Journal газеті АҚШ-тың сол өңірге 14 мың сарбаз жіберуді қарастырып отырғанын жазған, алайда бұл ақпаратты Пентагон жоққа шығарды. 

АҚШ-тың қорғаныс министрінің орынбасары Джон Руд контингенттің көлемін ұлғайту мәселесі қаралып жатқанын растады. Алайда ол Таяу Шығыстағы қай елге баратынын айтпады. 

"Сауд Арабиясына 12 мың сарбаз аттанады деген бүгінгі ақпарат - жалған немесе нақтырақ айтар болсақ фейк жаңалық!", - деп жазды Трамп Twitter желісіндегі парақшасында. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети