Сауд Арабиясының королі мұрагер ханзаданы қызметінен босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясының королі мұрагер ханзаданы қызметінен босатты Салман ибн Абдель Азиз Әл Сауд © REUTERS

Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Азиз Әл Сауд елдегі министрлер кеңесі басшысының орынбасары қызметін қоса атқарушы мұрагер ханзада Мукрина бен Абдель Азиз Әл Сауданы қызметінен босатты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті телеарнаға сілтеме жасап.

Телеаранның хабарлауынша, Сауд Арабиясының королі үкімет басшысының екінші орынбасары Мухаммед ибн Найефті жаңа мұрагер ханзада етіп сайлады. Ол елдің Сыртқы істер министрі Сауд әл-Фейсалды да қызметінен босатты. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі болып осыған дейін АҚШ-тағы елші қызметін атқарған Әбдел әл-Джубейр тағайындалды.

Еске сала кетейік, Сауд Арабиясының алтыншы королі Абдалла ибн Абдель Азиз Әл Сауд 23 қаңтарда 91 жасында өмірден озды. Таққа Салман ибн Абдул-Азиз Әл Сауд отырды. Сонымен қатар, король өзінің билікке келгенінің құрметіне королдігіндегі азаматтарға 30 миллиад доллардан сыйақы таратуға жарлық етті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети