Сауд Арабиясы Қазақстан азаматтарына виза беруді тоқтатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясы Қазақстан азаматтарына виза беруді тоқтатты ©REUTERS

Сауд Арабиясының туризм министрлігі Қазақстан және коронавирус көптеп тіркелген тағы алты елдің азаматтары үшін электрон туристік виза беруді уақытша тоқтата тұруға шешім қабылдады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясының туризм министрлігі Қазақстан және коронавирус көптеп тіркелген тағы алты елдің азаматтары үшін электрон туристік виза беруді уақытша тоқтата тұруға шешім қабылдады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Италия және Қазақстан азаматтары үшін электрон туристік визалар беру тоқтатылады. Сондай-ақ, осы елдердің азаматтары сауд әуежайларына келгенде туристік виза ала алмайды", - делінген хабарламада.

SPA жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, бұған дейін осы елдердің туристік визаларын алған адамдар әзірге оны пайдалана алмайды және Сауд Арабиясына бара алмайды. Корольдік билігі бұл "уақытша шара" екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Сауд Арабиясының билігі коронавирусқа байланысты Меккеге қажылыққа келетіндерді елге кіргізбеу туралы шешім қабылдаған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети