02 қазан 2015 | 09:32

Сауд Арабиясы Кремльден Сирия аумағына әуе соққысын жасауды дереу доғаруды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Сауд Арабиясы Ресейден Сирия аумағында әуе соққысын жасауды дереу доғаруды талап етті, - деп хабарлайды "Эхо Москвы".


Иконка комментария блок соц сети

Сауд Арабиясы Ресейден Сирия аумағында әуе соққысын жасауды дереу доғаруды талап етті, - деп хабарлайды "Эхо Москвы".

Эр-Рияда Ресейдің Сирия аумағына жасаған әуе соққысы ДАИШ содырларының өліміне емес, бейбіт тұрғындардың қаза табуына әкелген.


Ресейлік авиацияның Идлиб ауданына жасаған әуе соққысы(Сирия). © AP

"Сириялық террорлық режимді қолдай отырып ДАИШ әскерлеріне қарсы соғысуға болмайды. Сауд Арабиясының делегациясы Ресей әскерилерінің ДАИШ содырлары жоқ Хомсе мен Хамеге әуе соққысын жасауына алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл шабуыл көптеген бейбіт тұрғынның қаза табуына әкелді. Біз мұндай жағдай қайталанбауы үшін соққы жасауды дереу доғаруды талап етеміз", - Сауд Арабиясының БҰҰ-дағы өкілі Абдалла әл-Муаллими "Әл-Арабия" телеарансына.


Сирияның Идлиб провинциясында жойылған автомобиль. © Reuters

Мәскеу билігі Сауд Арабиясының өкіліне дереу жауап қайтарды. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, ол БАҚ-тан елшінің айтқан сөздерін таба алмаған. Сондықтан да ол операцияны тоқтату туралы пікір өздеріне айтылмаған деп есептейді. Песков Ресейдің Сирия аумағындағы террорлық ұйымдардың тізімі бойынша соққы жасап жатқанын айтты.


Сирияның Идлиб ауданындағы әуе соққысының салдары. © Reuters 

Бұған дейін Ресейдің әуе соққысын жасауы ДАИШ содырларының пайдасына екенін АҚШ пен Франция, сонымен қатар сириялық оппозиция да айтқан болатын. Дегенмен РФ СІМ бейбіт тұрғындардың қаза болуы туралы мәліметті "ақпараттық шабуыл" деп атады.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы Сирия президенті Башар Асадтың қызметінен кеткенін талап етіп отыр. Олай болмаған жағдайда Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр Асадтың қызметтен күштеп кетірілетінін айтты. "Сирияда Асад үшін болашақ жоқ", - деді елші.


Идлиб ауданына жасалған әуе соққысының түтіні. © Reuters

Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте Ресейдің әскери әуе күштері Сирияда бірінші әуе соққысын жасаған болатын. Әуе соққысы Хомс қаласының маңында жасалды, бұл аймақты үкіметтік әскердің бақылауға алғаны белгілі. Бұл өңірде ДАИШ содырлары, сонымен қатар, оппозициялық әскери құрылымдар орналасқан. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети