Сауд Арабиясында хирург операция үстінде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясында хирург операция үстінде қайтыс болды Фото:elements.envato.com

Ортопед-хирург Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында операция жасау кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Arablocal.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ортопед-хирург Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында операция жасау кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Arablocal.

БАҚ мәліметінше, Сауд Арабиясының Асир ауданындағы Хамис Мушайт ауруханасында дәрігер Махди әл-Эмаридің іші қатты ауырған, бірақ бұған қарамастан ол жоспарланған операцияны өткізуді талап еткен.

Аурухананың ортопедиялық бөлімінің басшысы медициналық тексерулерге сәйкес, әл-Эмаридің өліміне инфаркт себеп болғанын айтты.

"Махди әл-Эмари дәрігер өмірінің соңғы сәтіне дейін жасай алатын құрбандықтың үлгісін көрсетті. Іші қатты ауырғанына қарамастан, ол науқасқа операция жасауды талап етті. Ол өз жұмысын істеп жатып қайтыс болды", - деді доктор Әл Шехри.

Хирургті әріптестері ауыстырып, операцияны аяқтаған. Желі қолданушылары осы оқиғадан кейін дәрігерге құрмет білдіріп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети