Сауд Арабиясында Назарбаев туралы тарихи фильм көрсетілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© glen555.livejournal.com © glen555.livejournal.com

Сауд Арабиясының танымал телеарнасы Назарбаев туралы тарихи фильм көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сауд Арабиясының танымал телеарнасы Назарбаев туралы тарихи фильм көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, "Әл-Арабия" жетекші араб телеарнасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы арнайы деректі фильмді 6 шілдеде көрсетті.

"Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігі мұсылман әлеміне танымал "Әл-Арабия" телеарнасымен бірлесе отырып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы арнайы деректі фильмді көрермендердің назарына ұсынды. Бұл тарихи фильмде Қазақстанның қалыптасуына және халықаралық саясаттың дамуына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан ерен еңбегі, қысқа мерзім ішінде еліміздің қарқынды дамуы, Елбасы айқындаған қазақстандық жолдың биік белестерді өткергендігі туралы деректер көрсетілген. Сонымен қатар, Президенттің ұлт көшбасшысы, азамат және адам ретіндегі көпқырлы тұлғасы осы фильмде айқындалған", - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, "Әл-Арабия" - 2003 жылдан бері тәулік бойы жұмыс істейтін, араб тілінде хабар тарататын жерсеріктік телеарна. Штаб-пәтері Дубайда орналасқан. Телеарна аудиториясы 30 миллион адамға тең. "Әл-Арабия" телеарнасының бағдарламалар тізімін жаңалықтар, сараптамалық хабарлар, ток-шоу және деректі фильмдер толықтырады.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro