02 қаңтар 2016 | 15:53

Сауд Арабиясында терроризмге қатысы бар делінген 47 адам өлім жазасына кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©AP Photo/ Hassan Ammar ©AP Photo/ Hassan Ammar

Сауд Арабиясында террактіге қатысы бар делінген 47 адам өлім жазасына кесілді. Олар корольдікке қарсы терактілерге дайындалды және сөз байласты деп айыпталды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Сауд Арабиясында террактіге қатысы бар делінген 47 адам өлім жазасына кесілді. Олар корольдікке қарсы терактілерге дайындалды және сөз байласты деп айыпталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Әл-Арабия" телеарнасының Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарына қарағанда жазаға кесілгендердің қатарында Сауд Арабиясындағы "Әл-Каида" тобының лидерлерінің бірі Фарис аз-Захрани және шейіттердің уағызшысы Нимр ан-Нимр бар. Соңғысы 2012 жылы мұнайлы провинция Әл-Катифтегі жаппай тәртіпсіздіктерге үндеді деген айыппен қамауға алынған. Екеуі де 2014 жылы ең қатал жазаға кесілген еді.

Сонымен қатар, басылымда Сауд Арабиясында 2014 жылдан бастап террорлық әрекеттер мен экстремистік ұйымдарға қатысы барларға қатысты қылмыстық жазаның айтарлықтай қатаңдатқаны айтылады. Оған қоса, корольдікте террорлық деп танылған ұйымдардың тізімі жария болыпты. 

Ведомствоның мәлімдемесіне қарағанда, өлім жазасына кесілгендердің басым бөлігі Сауд Арабиясының құзырындағы азамат болған және "Әл-Каида" ұйымының 2003-2006 жылдар аралығында ұйымдастырған шабуылдарға қатысы бар деп сотталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети