© Country Scanner
Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Абха әуежайына ұшқышсыз басқарылатын аппаратпен шабуыл жасады, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының Абха әуежайына ұшқышсыз басқарылатын аппаратпен шабуыл жасады, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Атыс-шабыс салдарынан бір адам көз жұмды. Шамамен 20 тұрғын жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында үш әйел мен екі бала бар.
Оқиғадан кейін, әуе қозғалысы 1 сағатқа тоқтап қалды. Хуситтердің бұл әрекетін Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Мысыр мен Кувейт билігі қатаң сынға алып отыр.
Еске салайық, аймақтағы жауласқан тараптардың ұрысы 2014 жылдан бері жалғасып келеді.