Тайландта мектеп оқушысы түрмеге экскурсия барысында әкесін кездейсоқ кездестіріп қалды. Бұл туралы осы сапарды ұйымдастырушы Арон Хунмун айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бір-бірін көрген бала мен ер адам жылап жіберген. Мектеп оқушысы сол сәтте мұғалімінен әкесімен сөйлесуге рұқсат беруін сұраған. Күзетшілер баланы әкесіне жіберіп, бала оның құшағына енген. Әкесі болса жылап, ұлы мен сыныптастарының алдында ұялып тұрғанын айтып, жақсы адам боламын деп уәде берген.
Ал баласы "Мен сен үшін ұялмаймын" деп жауап берген.
© facebook.com/Arom Khunmoung
Ұйымдастырушы Арон Хунмун осындай кездесудің бостандықты бағаламай жүрген адамдарға сабақ болуы керектігін айтады.