06 ақпан 2020 | 09:35

Сенат Трампқа жарияланған импичментке қатысты шешім қабылдады

© REUTERS

АҚШ cенаторлары президент Дональд Трампқа жарияланған импичментке қатысты шешім қабылдады. Сенаттың шешімімен Трамп биліктен шеттетілмейді және сотталмайды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ cенаторлары президент Дональд Трампқа жарияланған импичментке қатысты шешім қабылдады. Сенаттың шешімімен Трамп биліктен шеттетілмейді және сотталмайды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Сенат Трампқа тағылған айыптарды жоққа шығарды - өкілеттікті асыра пайдалану мен конгресс жұмысына кедергі келтіру.

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, президентті биліктен шеттету үшін сенаторлардың даусы жеткілікті болуы керек. Республикалық партиядағылар бастапқыда президентке импичмент жариялағысы келмеген дейді.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда АҚШ демократтарының Трампқа импичмент жариялағаны хабарланған еді. Демократтар Трамп Украинаға көрсетілуі тиіс көмекті әлі күнге дейін бермегенін айтады. БАҚ мәліметінше, бұл дау Трамптың 25 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленскиймен әңгімелесуінен кейін туған. Америкалық басылымдар Трамптың Зеленскийді 2020 жылғы сайлауда өзінің бас қарсыласы болатын Джо Байденнің үстінен жемқорлық дауы бойынша іс қозғауға мәжбүрлемек болғанын жазды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная