19 желтоқсан 2019 09:52

АҚШ демократтары Трампқа импичмент жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар президент Дональд Трампқа импичмент жариялауға дауыс берді, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ өкілдер палатасындағы демократтар президент Дональд Трампқа импичмент жариялауға дауыс берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, дауыс беру кезінде демократтардың басым бөлігі импичмент жариялауға дауыс берсе, республикалық партиядағылар оған қарсы болды. 

Трампқа импичмент жариялауға 230 адам дауыс берсе, 197 адам импичментке қарсымын деп дауыс берген. Дауыс беруге 1 адам ғана қатыспаған.


© Reuters

Демократтар Трамп Украинаға көрсетілуі тиіс көмекті әлі күнге дейін бермегенін айтады. БАҚ мәліметінше, бұл дау Трамптың 25 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленскиймен әңгімелесуінен кейін туған. Америкалық басылымдар Трамптың Зеленскийді 2020 жылғы сайлауда өзінің бас қарсыласы болатын Джо Байденнің үстінен жемқорлық дауы бойынша іс қозғауға мәжбүрлемек болғанын жазды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети