Шенеунік сауда орталығында болған қайғылы жағдай үшін тұрғындардан тізерлеп тұрып кешірім сұрады

Кемеров облысыны? вице-губернаторы Сергей Цивилев "Зимняя вишня" сауда орталы?ында бол?ан ?ай?ылы жа?дай ?шін т?р?ындардан тізерлеп т?рып кешірім с?рады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Кемеров облысының вице-губернаторы Сергей Цивилев "Зимняя вишня" сауда орталығында болған қайғылы жағдай үшін тұрғындардан тізерлеп тұрып кешірім сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, Кемеровтің орталық алаңында әлі де жаппай митинг жалғасып жатыр. "Кемеровте митинг. 4 мыңға жуық адам әкімшілік ғимараттың маңына жиналып, Аман Төлеевтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр. Жиналғандардың ішінде "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың туыстары", - деп жазған еді осыған дейін БАҚ өкілдері.

"Осы қайғылы оқиғаға кінәлі барлық адамның жазаланатынын мәлімдеймін. Осы жағдайға тап болған адамдардан кешірім сұраймын. Олардың алдында тізерлеп тұрып кешірім сұраймын", - деді Цивилев митингте.

Реклама
Реклама

Видео Telegram мессенджерінде пайда болды.


© Telegram / Varlamov News

Осыған дейін Кемеровтегі "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандардың 41-і балалар екені хабарланған еді. Ресми мәліметтерге қарағанда, 25 наурызда болған төтенше жағдайдан барлығы 64 адам қаза болды.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин де қазіргі уақытта Кемеровте. Осыған дейін Ресей президенті Кемеровтегі 64 адамның өліміне әкеп соққан "Зимняя вишня" сауда үйінде болған өрттің неден шыққанына қатысты пікір білдірген болатын.

"Бізде не болып жатыр, бұл әскери қақтығыс емес, кен орнындағы метанның шығып кетуі емес қой. Адамдар демалуға келді, балалар. Демография туралы айтып, осынша адамды неге жоғалтып отырмыз? Бұл қылмыстық салғырттықтан, бос белбеуліктен болды", - деген еді Путин өрт салдарын жоюға арналған Кемеровтегі жиын барысында.

Cондай-ақ, осыған дейін ауруханаларда төтенше жағдайдан зардап шеккен 13 адамның жатқаны айтылған болатын. Кейіннен тағы 50 адам медициналық көмекке жүгінген.

Кемеровте өртенген сауда орталығының суреттері

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама