Сеул мен Жапония Ким Чен Ынның Қытайға сапарына қатысты түсінік талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сеул мен Жапония Ким Чен Ынның Қытайға сапарына қатысты түсінік талап етті © РИА Новости

Ресми Сеул мен Токио КХДР басшысы Ким Чен Ынның Қытайға сапарына қатысты Бейжіңнен түсінік талап етіп отыр, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресми Сеул мен Токио КХДР басшысы Ким Чен Ынның Қытайға сапарына қатысты Бейжіңнен түсінік талап етіп отыр, - деп хабарлайды РИА Новости

Қытай үкіметінің мүшесі Ян Цзечи Ким Чен Ынның Қытайға келуіне қатысты түсінік беру үшін 29 наурызда Сеулге барады. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлады. 

Ян Цзечи Оңтүстік Кореяның президенті кездесу өткізеді деп болжанып отыр.

Жапонияның үкімет басшысы Синдзо Абэ ресми Токио Солтүстік Корея басшысының сапарына қызығушылық танытып, Бейжіңнен толық түсінік беруді талап етіп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Киодо агенттігі хабарлады. 

Ал Си Цзиньпин Ким КХДР Чен Ынды Қытайға тағы да сапарлап келуді ұсынды. Мұндай ақпарат екі жақты кездесу қорытындысы бойынша ҚХР СІМ сайтында жарияланған.

Еске салайық, Ким Чен Ын ҚХР төрағасы болып қайта сайланған Си Цзиньпинді арнайы құттықтауға келген. Солтүстіккореялық көшбасшы Оңтүстік Кореямен одақтастықты нығайтып, сан жылдар бойы қалыптасқан түсініспестікті реттеуді және екі елдің саммитін өткізуді жоспарлап отырғанын айтқан. 

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын наурыздың 25-нен 28-не дейін Қытайға бейресми сапармен барды. Алайда бұл мәлімет осы күнге дейін құпия ұсталды. Іс-сапарда Ким Чен Ын мен бірге оның жары Ли Соль Чжуда болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети