Сеулдегі Хэллоуин мерекесі: қаза тапқандар саны артып жатыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Итэвонда (Сеул, Оңтүстік Корея) Хэллоуинді тойлау кезінде жаппай қысымнан қаза тапқандар саны 158 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Итэвонда (Сеул, Оңтүстік Корея) Хэллоуинді тойлау кезінде жаппай қысымнан қаза тапқандар саны 158 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 196 адам зардап шеккен, оның 10-ы әлі ауруханада жатыр.

Оларды Итэвон ауданындағы Гамильтон қонақүйі маңындағы Хэллоуин мерекесі кезінде тар көшеде алға жылжып бара жатқан топ басып қалған.

Көпшіліктің бұл әрекетіне не себеп болғаны белгісіз. Дегенмен кейбір жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, адамдар сол жерде қандай да бір атақты адам барын естіген.

Әлеуметтік желілердегі кадрлардан көптеген зардап шеккен адамның жолда жатқанын көруге болады, ал төтенше жағдайлар қызметкерлері мен куәгерлер оларға көмектесу үшін жүрек-өкпе жаттығуын жасаған.

Басылым мәліметінше, қаза тапқандардың 102-сі - әйел, 56-сы - ер адам. Зардап шеккендердің 12-сі - 10-20 жас аралығында, 105-і - 20-30 жас аралығында, 31 адам - 30-40 жас аралығында, тағы тоғыз адам - 40-50 жас аралығында, бір адам 50-де екені анықталған.

Қаза болғандар ішінде 26 шетелдік, оның ішінде төрт ресейлік, төрт Қытай азаматы, бес Иран азаматы, екі АҚШ және Жапония азаматы, Франция, Аустралия, Вьетнам, Өзбекстан, Норвегия, Қазақстан, Шри-Ланка, Түркия және Австриядан бір адам бар. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл қайғылы оқиғаға байланысты 5 қарашаға дейін ұлттық аза тұту жариялады.

Еске салайық, мыңдаған адам 29 қазанда Сеулдің әйгілі Итэвон ауданына кейінгі үш жылдағы алғашқы Хэллоуин мерекесін тойлауға жиналды. Адамдар жиналғанда хаос басталып, адамдар есінен тана бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro