29 қараша 2022 16:15

Шанхайдағы Disneyland COVID-19-ға байланысты жабылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/shanghaidisneyresort Фото:instagram.com/shanghaidisneyresort

Шанхайдағы Disneyland саябағы биыл үшінші рет қалада COVID-19 жұқтыру жағдайының көбеюіне байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.


Шанхайдағы Disneyland саябағы биыл үшінші рет қалада COVID-19 жұқтыру жағдайының көбеюіне байланысты жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Саябақ пен қонақүйлерді, сондай-ақ Disneytown және Wishing Star Park аймақтарын қамтитын Shanghai Disney Resort "уақытша жабылғаны" үшін кешірім сұрады. Сонымен қатар, компания Шанхайдың коронавирусқа қарсы талаптарын орындау керек екенін айтты. Қайта ашылу күні әлі белгісіз, бірақ екі қонақүй - Shanghai Disneyland Hotel және Toy Story Hotel, сондай-ақ Wishing Star Park ашық болады.

"Бұл Шанхайдың туризм секторына тағы бір соққы. Қаланың туризм индустриясының жақын арада қалпына келуі екіталай", - деді Shanghai Yaheng халықаралық туристік агенттігінің бас директоры Ли Вэньцзе.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети