Сharlie Hebdo редакциясына шабуыл жасауға күдіктілердің көзі жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сharlie Hebdo редакциясына шабуыл жасауға күдіктілердің көзі жойылды

Даммартен қаласындағы қақтығыс кезінде Париждегі Сharlie Hebdo басылымының редакциясына шабуыл жасауға және кейін адамдарды кепілге алуға күдікті ағайынды Куашилердің көзі жойылды, - деп хабарлайды AFP.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Даммартен қаласындағы қақтығыс кезінде Париждегі Сharlie Hebdo басылымының редакциясына шабуыл жасауға және кейін адамдарды кепілге алуға күдікті ағайынды Куашилердің көзі жойылды, - деп хабарлайды AFP.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, француз полициясы типография ғимаратына баса-көктеп кіргеннен кейін Саид пен Шериф Куашилер кепілге алған адамды дін аман құтқарды.  

Сондай-ақ, ақпарат құралдарының мәліметінше, Париждің 20-округіндегі дүкенде адамдарды кепілдікке алған қылмыскердің де өлтірілгенін хабарлады. Кепілге алынған үш адам қаза тапты.

Еске сала кетейік, 7 қаңтар күні Парижде Charlie Hebdo басылымының редакциясы отырған ғимаратқа екі қаскөй кіріп келіп, адамдарды ата бастады. 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды. Полиция шабуыл жасауға күдіктілердің 32 және 34 жастағы ағайындылар - Саид және Шериф Куашилер екенін анықтады. Қылмысқа қатысы бар үшінші адам - 18 жастағы Хамид Мурад оқиға кезінде лаңкестерді машинада күтіп отырған. Ол полицияға өз еркімен беріліп, алибиі бар екенін мәлімдеді.

Бір тәуліктен соң автоматпен қаруланған ағайынды Куашилер Уаза департаментінде бір көлікті айдап әкетті. Олар Сена және Марина департаменттерінің тас жолдарында, тағы басқа жерлерде полициямен атысты. Бір адамды кепілге алды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети