Шекарадағы атыс және Үнді өзеніндегі бөгет: Үндістан мен Пәкістан арасында не болып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекарадағы атыс және Үнді өзеніндегі бөгет: Үндістан мен Пәкістан арасында не болып жатыр? Фото:depositphotos.com

25 сәуірге қараған түні Үндістан мен Пәкістанның әскери қызметшілері Джамму мен Кашмирдегі барлық бақылау шебінде оқ жаудырды. Онда екі ядролық мемлекеттің әскері арасында 1949 жылы қабылданған шекара сызығы орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Hindustan Times-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 сәуірге қараған түні Үндістан мен Пәкістанның әскери қызметшілері Джамму мен Кашмирдегі барлық бақылау шебінде оқ жаудырды. Онда екі ядролық мемлекеттің әскері арасында 1949 жылы қабылданған шекара сызығы орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Hindustan Times-қа сілтеме жасап.

Оқиға Үндістан армиясының Бас қолбасшысы генерал Упендра Двиведидің Шринагар мен Удхампурға жұмаға жоспарланған сапарынан бірнеше сағат бұрын болған.

Мәліметке сүйенсек, үнді шекарашылары жауап ретінде оқ жаудырған.

"Бақылау шебіндегі кейбір жерлерде Пәкістан бастаған атыс болды. Атысқа жауап берілді", - деді дереккөз.

Жұма таңертең шекарада атыс тоқтатылғаны белгілі болды.

Қазір тараптар шығынға ұшырады ма, жоқ па белгісіз. Ресми түрде бірде-бір ел қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы хабарлаған жоқ. Ал Дели мен Исламабад бір-бірін атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптап отыр.

Сондай-ақ, Үндістан Үнді өзенінің Пәкістан бағытындағы ағынын бөгеп, бөгеттер мен каналдар арқылы су ағынын бақылайтын барлық төрт қақпаны жауып тастағаны белгілі болды. Бұл 1960 жылы Үнді өзенінің суы туралы келісімге қол қойылғаннан бергі осындай алғашқы оқиға екені айтылды. Ол кезде тараптар саяси қақтығыстарға қарамастан ресурстарды бөлуге келіскен.

Бұған дейін Пәкістан Үндістанның Үнді өзенінің ағынын тоқтатуын немесе бұруын соғыс әрекеті ретінде қарастыратынын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, екі ядролық ел арасындағы қақтығыс Кашмирдегі қарулы шабуылдан кейін күшейе түсті, оның салдарынан 27 адам опат болды. Үндістан билігі бұл оқиғаны лаңкестік шабуыл деп атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети