Тәжікстан билігі Қырғызстанмен шекарада болған қақтығыста қаза тапқандар туралы ресми ақпарат бермеді. Алайда жергілікті басылымдар 2 мамыр кешкі уақыттағы жағдай бойынша, 16 қаза тапқанын хабарлады. 110-нан аса адам жарақат алған, оның ішінде Исфара қаласының мэрі де бар, - деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.

Басылым мәліметінше, әзірге расталмаған ақпарат бойынша, Тәжікстан тарапынан қаза тапқандар саны 20-ға жетуі мүмкін, ал жарақат алғандар саны 160 болуы мүмкін.
Қаза тапқандардың бірі - шекара әскерінің сержанты Хасан Сафаралиевич Акбаров. Ол Исфара қаласының мэрі Баховаддин Баходурзодты снайпердің оғынан құтқарып қалған екен.
Қаза тапқандар ішінде 26 жастағы сарбаз Мухаммадулло да бар. Ол Тәжікстан Қарулы күштерінде үлгілі тәртіппен қолбасшы лауазымында қызмет етті. Мухаммадулло Рамазан айынан кейін үйленбек болған.
Сонымен қатар, тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыс кезінде қаза тапқан Тәжікстанның алғашқы қарулы күштерінің әскериінің есімі белгілі болды. Ол - 28 жастағы Гадоев Салохиддин Рахмоналиевич. Әскеридің артында кәмелетке толмаған үш баласы қалды. Бұл туралы оның туыстарының бірі Facebook желісінде жазған. Гадоев Қырғызстан шекарасына жақын жерде оқ тиіп, қаза тапты.
Одан бөлек, Радио Озоди қаза тапқан 15 адамның аты-жөнін анықтады. Оның ішінде, жеті әскери адам және сегіз қарапайым азамат.
30 сәуірде Исфара қаласының Чоркух ауылды жерінде екі әскеридің - 26 жастағы Хикматулло Махкамов пен Иброхимхон Хошимзоданың жерлеу рәсімі өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!