Жексенбіде Грозныйда Азаматтық форум өтті. Форумға қатысушылар Ресей президенті Владимир Путиннен Рамзан Қадыровты Шешенстан басшысы қызметіне қалдыруды қолдауды сұрады. Бұл туралы республика үкіметінің ресми порталында жарияланған қарардың мәтінінде айтылған.
Жексенбіде Грозныйда Азаматтық форум өтті. Форумға қатысушылар Ресей президенті Владимир Путиннен Рамзан Қадыровты Шешенстан басшысы қызметіне қалдыруды қолдауды сұрады. Бұл туралы республика үкіметінің ресми порталында жарияланған қарардың мәтінінде айтылған.
Форумға қатысушылар республикадағы жағдайдың тұрақты болуы және мемлекеттік билік жұмысының тиімділігі Қадыровтың әрекетінің арқасында деп санайтындарын жеткізді. Қадыровты қолдағандар оның орнын баса алатын адамның жоқ екенін айтып отыр.
"Шешенстан Республикасының халқы оны ұлттық көшбасшы лауазымын айырмайды, сонымен қатар, саяси аренада оның болуын қажет деп есептейді. Сонымен қатар, мұсылман, шешен халқының адал ұлы және Ресейдің патриоты ретінде ол халықтың қалауына бағынуға міндетті!", - делінген құжатта.
Бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өңірді басқару лауазымының уақыты аяқталғанын мәлімдеді және ол мемлекет басшылығындағы бұл қызметке басқа адамды табу қажет екенін айтқан болатын. Сонымен қатар, Қадыров өзін алдағы уақытта федералдық министр немесе депутат ретінде көре алмайтынын мәлімдеді.
Қадыров өзін қолдау үшін митинг өткізбеуді де сұрады. "Мен өз мәлімдемеме қатысты үндеулерді оқимын. Билікте қалдыру үшін митинг және өзге де акцияларды өткізу жөнінде ұсыныстар пайда болды. Әрине, халықтың мұндай қолдауы үшін қуанамын. Өмірді халыққа арнау керегіне тағы бір мәрте көзім жетті. Бірақ ешқандай митингтің қажеті жоқ. Мен сол үшін өз ойымды айтқан жоқпын", - деп жазды Қадыров Instagram-да.