23 мамыр 2020 13:30

Шешенстан парламент спикері Қадыровтың вирус жұқтырғаны туралы хабарды қауесет деді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Шешенстан парламент спикері Магомед Даудов республика басшысы Рамзан  Кадыровтың коронавирус жұқтырғаны туралы хабардың қауесет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шешенстан парламент спикері Магомед Даудов республика басшысы Рамзан  Кадыровтың коронавирус жұқтырғаны туралы хабардың қауесет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түрлі қауөсет жүр, не айтылмай жатыр, біздің республика басшысы Рамзан Қадыровтың дені сау, ол туралы жазылып, айтылып жатқан нәрселер жалған", - деді ол Instagram-дағы аккаунтында тікелей эфирде.

Оның айтуынша, "адамдар тобы қалауын шындық ретінде береді, жоқ нәрсені ойлап табады". "Олар қалағанын жазады, қандай да бір аурулар, пайыздар, мұның бәрі дұрыс емес. Мен халықтың осы қауесетке алаңдайтынын білемін және сіздерді сабырға шақырғым келеді: бәрі жақсы", - деді Даудов.

Сонымен қатар, өңірлік денсаулық сақтау министрі Эльхан Сүлеймановтың және "Грозный" телеарнасының директоры Ахмед Дудаевтың коронавирус жұқтырды деген ақпарат та шындыққа жанаспайтынын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети