Шешенстанда қар аралас жаңбыр жауып тұрған уақытта тікұшақ құлады, - деп хабарлайды РИА Новости. Өңірдегі төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөз мәліметінше, екі адам тірі қалған. Алдын ала болжам бойынша, апат ауа райының қолайсыздығына байланысты болған.

Шешенстанның оңтүстігінде таулы аймақта екі ел шекарасына жақын маңда Ми-8 тікұшағы құлаған.
"Әуе апаты шамамен Мәскеу уақыты бойынша 10:59-да болған. Апат болған аймақта ауа райы қолайсыз болып, қар аралас жаңбыр жауған. Болжаммен бес адам қаза тапты, екеуі аман қалған, алайда жарақаттанған", - деді агенттікпен сұхбаттасушы.
Осыған дейін РИА Новости порталының басқа бір дереккөзі тікұшақ бортында тоғыз адам болғанын хабарлаған айтқан. Оның айтуынша тікұшақ арнайы қызметтердің біріне тиесілі болған.
Ресми түрде қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.