Шешенстанда вакцина алмағандарға дүкенге және мешітке баруға тыйым салынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шешенстанда вакцина алмағандарға дүкенге және мешітке баруға тыйым салынды ©РИА Новости

Шешенстан билігі COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған азаматтарға қатаң шектеулер енгізді. Бұл туралы Үкімет төрағасының орынбасары және коронавируспен күрес жөніндегі өңірлік жеделштаб жетекшісі Вахит Усмаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Дождь" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шешенстан билігі COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған азаматтарға қатаң шектеулер енгізді. Бұл туралы Үкімет төрағасының орынбасары және коронавируспен күрес жөніндегі өңірлік жеделштаб жетекшісі Вахит Усмаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Дождь" арнасына сілтеме жасап.

Усмаевтың айтуынша, Шешенстан тұрғындары анықтамасыз және вакцина алғаны туралы сертификатсыз дүкендерге, мешіттерге, кафелер мен мейрамханаларға, қоғамдық көліктерге, тұрмыстық қызмет көрсету нысандары мен спорттық ойын-сауық нысандары аумағына жіберілмейді. Алайда Усмаев мәлімдемесінде қандай анықтамалар туралы айтқанын нақтыламады. 

27 шілдеде Шешенстанның бас санитария дәрігері азаматтардың белгілі бір санаттары үшін: мемлекеттік мекемелер, қызмет көрсету, БАҚ қызметкерлері, сайлау комиссияларының мүшелері, сондай-ақ университеттер мен колледж студенттері үшін коронавирусқа қарсы міндетті вакцинацияны енгізді. Сонымен қатар, вакцинаның бірінші компонентімен егу мерзімі 25 шілдеде, яғни міндетті вакцинация жарияланғанға дейін екі күн бұрын белгіленді, дейді арна. Шешенстан азаматтары екінші компоненті 25 тамызға дейін алуы керек. Ұйымдар қызметкерлердің кемінде 90 пайызын вакциналау туралы бұйрық алған.

РИА Новости мәліметінше, қазіргі уақытта Шешенстанда тұрғындардың 60 пайызы вакцина алған. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров мұнымен "тоқтамай", республиканың барлық тұрғынын вакцина алуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети