Шотландияда референдумға қатысқандардың 60 пайыздан астамы аймақтың тәуелсіздік алуын қолдамады, - деп хабарлайды РИА Новости. Шотландияда референдум 18 қыркүйек күні өтті.
Шотландияда референдумға қатысқандардың 60 пайыздан астамы аймақтың тәуелсіздік алуын қолдамады, - деп хабарлайды РИА Новости. Шотландияда референдум 18 қыркүйек күні өтті.
Аймақ тәуелсіздігіне қарсы топқа жеңіске жету үшін тағы 425 мың 803 дауыс жинау керек. Референдумда дауыс берушілерге бір ғана сұрақ қойылды: "Сіз Шотландия тәуелсіз ел болуы керек деген пікірмен келісесіз бе?". Дауыс берудің алғашқы нәтижелеріне қарағанда, 32 графтықтың 26-сында тәуелсіздікті 1 миллион 176 мың 952 адам жақтаған. 1 миллион 397 мың 077 адам қарсы болып дауыс берген.
Бұған дейін Exit Pool мәліметтері бойынша Шотландияның Ұлыбритания құрамында қалғысы келетіні анықталғаны хабарланған болатын. Тәуелсіз сауалнаманың нәтижесіне қарағанда, референдумда Ұлыбританияның тұтастығын қолдаушылар жеңіске жетуі мүмкін. Ұлыбританияның қазіргі шекарасының тұтастығын сақтауды респонденттердің 53 пайызы қолдап, 47 пайызы қарсы болып отыр.
Еске сала кетейік, Шотландияның Ұлыбританиядан бөліну мүмкіндігі туралы мәселе көптен бері талқыланып келеді. Дегенмен Ұлыбритания үкіметі шотландиялықтардың аймақты Біріккен Корольдіктен бөліп шығаруға дауыс беретініне және егер 18 қыркүйектегі референдумның нәтижесі көңілдерінен шықпаса, шұғыл жоспар дайындайтынына сенбейді.