Шри-Ланка мемлекеттік төңкерістің алдын алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Reuters Фото: Reuters

Шри-Ланка билігі "Араб көктемі" стиліндегі мемлекеттік төңкерістің алдын алды. Ел басшылығын түсіру әрекеті коменданттық сағат пен қоғамдық орындарда жиналуға тыйым салынғанына қарамастан ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Colombo Gazette сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шри-Ланка билігі "Араб көктемі" стиліндегі мемлекеттік төңкерістің алдын алды. Ел басшылығын түсіру әрекеті коменданттық сағат пен қоғамдық орындарда жиналуға тыйым салынғанына қарамастан ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Colombo Gazette сайтына сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, Батыс провинцияда сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін 664 адам қамауға алынған. Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса наразылық акциялары аясында елде төтенше жағдай режимін енгізді. Сондай-ақ, аралда коменданттық сағат жарияланды, барлық әлеуметтік желі бұғатталды.

Шри-Ланка коронавирус пандемиясына байланысты экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатыр, туризмнің құлдырауына байланысты шетел валютасының күрт төмендеуі елдегі отын тапшылығына әкелді. Аралда азық-түлік пен қажетті заттардың жетіспеушілігі байқалады. Мемлекеттің көптеген ауданында үнемі электр қуаты сөніп қалады.

Араб көктемі - 2010 жылдары араб әлемінің көп бөлігінде болған үкіметке қарсы наразылықтар мен қарулы көтерілістер. Ол сыбайлас жемқорлық пен экономикалық тоқырауға жауап ретінде басталған, алғашқысы Тунисте болды. Әрі қарай наразылықтар Ливия, Мысыр, Йемен, Сирия және Бахрейнге жетті, онда ел басшылығы құлатылды немесе ірі көтерілістер, соның ішінде тәртіпсіздіктер, азаматтық соғыс я көтерілістер болды.

Еске салайық, бұған дейін Шри-Ланкада наразылықтарға байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro