Шри-Ланкада наразылар президент сарайынан шығудан бас тартты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Шри-Ланка наразылық қозғалысының жетекшілері саясаткерлер өз орнынан ресми түрде кеткенше президент пен премьер-министрдің резиденцияcын босатпайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шри-Ланка наразылық қозғалысының жетекшілері саясаткерлер өз орнынан ресми түрде кеткенше президент пен премьер-министрдің резиденцияcын босатпайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, үкімет жойқын экономикалық дағдарысты еңсере алмағанына байланысты шерулер зорлық-зомбылыққа ұласқан кезде мыңдаған наразылық білдіруші президент Готабая Раджапаксаның үйі мен кеңсесіне және премьер-министрдің ресми резиденциясына басып кірді.

Парламент спикерінің сөзінше, Раджапакса 13 шілдеде отставкаға кетеді. Премьер-министр Ранил Викрамасингхе де барлық партия өкілінен тұратын уақытша үкіметті құруға мүмкіндік беру үшін қызметінен кететінін айтты.

©REUTERS

"Президент, премьер-министр және үкімет отставкаға кетуі керек", - деді белсенділер жетекшісі Руванти де Чикера.

Оның айтуынша, үкімет отставкаға кететінін ресми түрде жарияламаса, наразылар резиденцияны босатпайды.

©REUTERS

"Мен өмірімде мұндай жерді көрген емеспін. Олар байлықтан ләззат алды, ал біз азап шектік. Біз алданып қалдық. Мен балаларым мен немерелерім олардың қалай молшылықта өмір сүргенін көрсін деп едім", - дейді шеруге шыққан Чандравати.

©REUTERS

Шри-Ланкадағы наразылық шерулері сәуірде бұрын-соңды болмаған, ел экономикасын тығырыққа тіреген қаржылық және экономикалық дағдарыс кезінде басталды. Осы аптада наразылар президент сарайы мен премьер-министр Ранил Викрамасингхенің резиденциясына басып кіріп, ғимаратты өртеп жіберді.

Арал мемлекетінде шетел валютасы, отын, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, азық-түлік, дәрі-дәрмек жетіспейді. Викрамасингхе дағдарысты үш жылдан кейін толығымен жеңуге болатынын айтты.

Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса 13 шілдеде отставкаға кетуге уәде берді. Шри-Ланка премьер-министрі Ранил Викрамасингхе коалициялық үкімет құру үшін отставкаға кетуге келісті. Уақытша мемлекет басшысы парламент спикері Махинда Япа Абейвардена болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro