Швеция СІМ НАТО-ға кіру туралы өтінішке қол қойды

Фото ©REUTERS

Швеция СІМ басшысы Анн Линде елдің НАТО-ға кіруі туралы өтінішке қол қойды, - деп хабарлайды Sveriges Television

Швеция СІМ басшысы Анн Линде елдің НАТО-ға кіруі туралы өтінішке қол қойды, - деп хабарлайды Sveriges Television

Бұл туралы Анн Линде Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Оның сөзінше, қазіргі уақытта НАТО-ға мүшелік ету - Швеция үшін ең ұтымды шешім. 

Реклама
Реклама

"Бүгін таңертең Швеция СІМ басшысы Анн Линде елдің НАТО-ға қосылу туралы өтінішіне қол қойды", - делінген хабарламада.

Құжат Финляндияның мәлімдемесімен бірге осы аптаның соңында Брюссельдегі Солтүстік Атлантикалық альянстың штаб-пәтеріне ұсынылады.

Еске салайық, 15 мамырда Финляндия президенті Саули Ниинисте ел ресми түрде НАТО-ға қосылуға және мүшелікке өтініш беруге шешім қабылдағанын мәлімдеген. Премьер-министр Санна Марин бұл тарихи шешім екенін айтты. Одаққа кіру туралы шешім Финляндия Парламентінде 16 мамырда талқыланады. Кейінірек Швеция билігі Солтүстік Атлантикалық одаққа кіруге өтініш беруді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная