15 мамыр 2022 22:45

Путин Финляндияның НАТО-ға кіру туралы шешімін қалай қабылдағаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Финляндия президенті Саули Ниинисте және Ресей президенті Владимир Путин. © YLE Финляндия президенті Саули Ниинисте және Ресей президенті Владимир Путин. © YLE

Финляндия президенті Саули Ниинисте CNN телеарнасына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин Финляндияның НАТО-ға кіруі туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Финляндия президенті Саули Ниинисте CNN телеарнасына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин Финляндияның НАТО-ға кіруі туралы шешімді қалай қабылдағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ниинисте Финляндия НАТО-ға қосылуға ниет білдіргені туралы әңгімеде Ресей басшысы ұстамдылықпен әрі сабырмен қабылдағанына таңғалғанын айтты.

"Ол мұны соншалықты сабырмен қабылдағаны тосынсый болды", - депйді Ниинисте.

Сондай-ақ, президент Финляндияға Ресейден тікелей қауіп төнеді дегенге сенбейтінін айтты.

"Менің ойымша, олар Финляндияға шабуылды сол кезде де, қазір де жоспарлаған жоқ", - деді ол америкалық телеарнаға.

Ел басшылары 14 мамырда телефон арқылы сөйлескен. Кремль таратқан ақпарат бойынша, Путин фин әріптесіне Финляндияның бейтарап мәртебеден бас тартуы және елдің НАТО-ға қосылуы қателік болады деп мәлімдеген, өйткені Финляндия қауіпсіздігіне ешқандай қауіп жоқ. 

Путин Хельсинкидің сыртқы саяси бағытын өзгерту "көптеген жыл бойы тату көршілік пен серіктестік ынтымақтастық рухында қалыптасқан Ресей-Финляндия қатынастарына теріс әсер етуі мүмкін" деп атап өткен.

Ниинисте өз кезегінде Мәскеудің НАТО-ға кіруден бас тарту туралы 2021 жылдың аяғында бірқатар елге жасаған талабы, сондай-ақ 2022 жылдың ақпанында басталған Украинаға басып кіруі Финляндияның өз қауіпсіздігіне деген көзқарасын "түбегейлі" өзгерткенін мәлімдеген.

Еске салайық, 15 мамырда Финляндия Президенті Саули Ниинисте ел ресми түрде НАТО-ға қосылуға және мүшелікке өтініш беруге шешім қабылдағанын мәлімдеген. Премьер-министр Санна Марин бұл тарих шешім екенін айтты. Одаққа кіру туралы шешім Финляндия Парламентінде 16 мамырда талқыланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети