Швецияда 5G желісі іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швецияда 5G желісі іске қосылды Фото: PIXABAY.COM

Швецияның Tele2 телекоммуникация компаниясы ел аумағында коммерциялық 5G желісінің іске қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды LIFE порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швецияның Tele2 телекоммуникация компаниясы ел аумағында коммерциялық 5G желісінің іске қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды LIFE порталы.

"Бүгін маңызды күн. Tele2 Стокгольм, Гетеборг, Мальме қалаларында 5G желісінің алғашқы желісін орнатады. Мен мұны мақтан тұтамын. 5G желісі Швецияда алғаш рет іске қосылғалы отыр", - деді компаниясы басшысы Андерс Нильссон.

Дереккөз мәліметінше, жаңа технологияның ақпаратты тарату жылдамдығы - 1 Гб /с. Яғни ол 4G-ге қарағанда төрт есе жылдам. Алайда жаңа желіні барлығы бірдей пайдалана алмайды. Ол үшін сіздің ұялы телефоныңызда 5G желісі болуы шарт. Алайда олардың саны айтарлықтай көп емес.

Биыл бірнеше ұялы байланыс операторлары Швецияда жаңа технологияны енгізуді жоспарлап отыр. 25 мамырда Telia мен Ericsson компаниялары 5G желісін іске қосқысы келеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети